
ЖӨТЕЛ ТУРАЛЫ
Жөтел – бұл, осының көмегімен тыныс жолдары организмге керексіз заттардан: бөгде бөлшектерден, ұсақ шаңнан немесе микроорганизмдерден тазаратын рефлекс.
Жөтел – тыныс алу жүйесі ауруларының негізгі симптомдарының бірі, және соған байланысты адамдар медициналық көмекке жүгінетін, жиі кездесетін қиындық1.
Жөтел жедел (3 аптадан аз), жеделге жуық (3 аптадан 8 аптаға дейін) және созылмалы (8 аптадан артық) болуы мүмкін2.
Жедел жөтелдің анағұрлым кең таралған себептері вирустық және бактериялық респираторлық инфекциялар болып табылады1.
ЖӨТЕЛДІҢ ТҮРЛЕРІ
Жөтел құрғақ және ылғалды болуы мүмкін1. Және олардың арасында үлкен айырмашылық бар.
ҚҰРҒАҚ ЖӨТЕЛ
Құрғақ жөтел көбінесе тыныс жолдары қабынуының басында, әлі қақырық түзілмеген кезде туындайды. Ондай жөтелдің пайдасы жоқ, ол қатты әуреге салады, қажытады, ұйықтауға кедергі келтіреді, бұлшықеттердің ауыруымен қатар жүреді.

Құрғақ жөтелдің қалай естілетіндігін тыңдаңыз.
Құрғақ жөтел кезінде жөтелді тыныштандыратын және оны ылғалды (өнімді) жөтелге айналдыратын жөтелге қарсы препараттар қолданылады1.
ЫЛҒАЛДЫ ЖӨТЕЛ
Ылғалды жөтел көбінесе, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларымен ілесе жүреді. Және мұндай жөтел міндетті түрде қақырық түзілуімен қатар жүреді1. Егер қақырық тұтқыр болса, онда ондай жөтел айтарлықтай азапты бола түседі және ондай қақырықты түсіру қиын.

Ылғалды жөтелдің дыбысын тыңдаңыз.
Ылғалды жөтелді қақырықты сұйылтып шығаратын препараттармен (қақырық түсіретін препараттармен) емдейді.
Жөтелді ажырата білу маңызды, өйткені, құрғақ жөтел ылғалды жөтелге қарағанда басқалай емделеді.
Бұдан өзге, емдеу кезінде жөтелге қарсы және қақырықты түсіретін препараттарды біріктіруге болмайды.
ЖЕДЕЛ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР
Әр адам өмір бойына жедел респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) бірнеше рет ауырады6.
ЖРВИ 200-ден астам вирус туғызуға қабілетті. Вирустар – бұл ең ұсақ микроорганизмдер4,5. Вирустар түрлі тұқымдастар мен тектестерге жатқызылады, өзара өзгешеліктері бар.
Қоздырғыштарының ЖРВИ туғызудағы жиілігі жағынан, вирустарды азаю тәртібімен тізіп келтіруге болады: риновирустар, коронавирустар, RS вирустары, парагрипп вирустары, аденовирустар, тұмау вирустары 4,5,6. Тұмау және тұмау тәрізді аурулар әлемдегі барлық инфекциялық аурулардың 90 %-ына түрткі болады7.

ЖЕДЕЛ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР ЖҰҚПАЛЫ
ЖРВИ көзі науқас адам немесе вирус тасымалдаушы адам болып табылады6.
Инфекцияның таралуы екі жолмен жүреді4,5,6:
- ауа-тамшы жолымен (жөтелген, түшкірген кезде). Таралуының бұл жолы вирустардың жылдам таралуына ықпал етеді.
- жанасу жолымен (қол жуылмаған жағдайда, төсек-орын, ойыншықтар және заттар мен беткейлерден).
Сондықтан, вирустық инфекциялардың таралуы кезінде профилактика әдістерін сақтау аса маңызды4,5,6:
- қоғамдық орындарда бетперде пайдалану;
- қолды мұқият жуу, антисептиктерді пайдалану;
- адамдар көп жиналатын жерлерге (кинотеатрлар, дүкендер, емдеу мекемелері және т.б.) бармау.
ЖӨТЕЛ ЖӘНЕ ЖРВИ – БАЙЛАНЫСЫ БАР МА?
Жедел жөтел көбінесе ЖРВИ-мен байланысты.
Әдетте, ауру басталғанда жөтел құрғақ болады, маза бермейді, ұйқыны жиі бұзады, күні бойғы дене белсенділігінің төмендеуімен, ашушаңдықпен, бұлшықеттердің ауыруымен қатар жүреді3.
Міне, бұл симптомның салдарынан қаншалықты жағымсыз нәрселер орын алуы мүмкіндігін көріп отырсыздар1.
Бірнеше күннен соң құрғақ жөтел ылғалды, қақырықпен жүретін жөтелге айналады.
Жөтелден бөлек, вирустық инфекцияның басқа симптомдары: дене температурасының жоғарылауы, тұмаурату, тамақтың жыбырлауы немесе ауыруы, дімкәстану, шаршау, бас ауыруы да байқалуы мүмкін3,6.
ГЕРБИОН ЖӨТЕЛДЕН АРЫЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ!
Гербион шәрбаттарының өсімдіктерден алынған компоненттері жөтелден арылуға көмектеседі!
Гербион жолжелкен шәрбәты құрғақ жөтелді тыныштандыру үшін қолайлы.
Гербион Исланд мүгінің шәрбаты мен Гербион шырмауық соруға арналған таблеткалар ылғалды жөтел кезінде қақырықты сұйылтады және шығуына ықпал етеді.
ГЕРБИОН®
ШЫРМАУЫҚ

- Қақырықты сұйылтады және оның түсуін жеңілдетеді
- Бронх түйілуін басатын әсерге ие
- Құрамында қант жоқ
- Мелиссаның жағымды табиғи дәмі бар
- Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолдануға болады
- Ыңғайлы соруға арналған таблеткалар түрінде шығарылады
Қолдану тәсілі және дозалары | |
---|---|
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға | күніне 3 рет соруға арналған 1 таблетканы құрайды |
6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға | күніне 2 рет соруға арналған 1 таблетканы құрайды |
ГЕРБИОН®
ШЫРМАУЫҚ ШӘРБАТЫ

- Қақырықты сұйылтады және оның түсуін жеңілдетеді
- Бронх түйілуін басатын әсерге ие
- Құрамында қант жоқ
- Мелиссаның жағымды табиғи дәмі бар
- Ересектер мен 2 жастан асқан балаларға қолдануға болады
- Бір емдеу курсына жететін 150 мл құтыда шығарылады
Қолдану тәсілі және дозалары | |
---|---|
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға | күніне 2 рет 5 немесе 7,5 мл шәрбаттан |
6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға | күніне 2 рет 5 мл шәрбаттан |
2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға | күніне 2 рет 2,5 мл шәрбаттан |
ГЕРБИОН®
ИСЛАНД МҮГІНІҢ ШӘРБАТЫ

- Құрғақ жөтелді тыныштандырады
- Жоғарғы тыныс жолдары инфекциялары көріністерінің айқындығын азайтады
- Жағымды цитрус дәмі бар
- Ересектерге және 1 жастан асқан балаларға қолдануға болады
Қолдану тәсілі және дозалары | |
---|---|
Ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерге | күніне 4 рет 15 мл шәрбаттан |
10 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға | күніне 4 рет 10 мл шәрбаттан |
4 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға | күніне 4 рет 5 мл шәрбаттан |
1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға | күніне 4 рет 2,5 мл шәрбаттан |
БЕЙНЕ БЕЙНЕНІ ҚАРАҢЫЗ
uavK6z1kACY
ЖӨТЕЛ КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР6:
- Сұйықтықты, мысалы, су немесе тәтті емес шайды мүмкіндігінше көбірек (ересектер үшін күніне 2-3 литр, балалар үшін – күніне 1 литрге дейін) ішіңіз. Құрғақ жөтел кезінде қосымша сұйықтық ішу – оны жұмсартады, ал ылғалды жөтел кезінде қосымша сұйықтық ішу - тұтқыр қақырықты сұйылтады.
- Бөлменің ауасы ылғалды екендігіне көз жеткізіңіз. Ылғарырақ ауа тыныс жолдарына жағымды ықпалын тигізеді.
- Көп демалыңыз/дене белсенділігін шектеңіз. Қажет болған жағдайда, төсекте жату режимін сақтаңыз.
- Лас ауаның, темекі түтінінің әсерінен және суықта жүруден сақтаныңыз.
ҚАЙ КЕЗДЕ ДӘРІГЕРДЕН ДЕРЕУ КЕҢЕС АЛУ КЕРЕК8:
- Егер аурудың симптомдары жойылмаса;
- Егер ентігу (тыныс тарылуы) пайда болса;
- Егер дене температурасының жоғарылағаны байқалса;
- Егер жөтелген кезде қақырық іріңді немесе қан аралас болса;
- 4 жасқа дейінгі балаларда жөтелді емдеу, ем жүргізгенге дейін медициналық диагноз қоюды талап етеді.
Әдебиеттер:
- Василевский И.В. Балалар мен жасөспірімдердегі жөтелдің дифференциалдық диагностикасы және емі: Оқу әдістемелік құрал / И.В.Василевский. – Минск.: БелМАПО, 2006. – 44 с.
- 6 шығарылымы. Жөтел. Науқасты 12 минут ішінде қалай тексеруге болады? Евдокимов атындағы МММСУ ЖКБ МББМ, Терапия, клиникалық фармакология және жедел медициналық көмек кафедрасы, М., 2016
- Геппе Н.А., Колосова Н.Г., Фарбер И.М. және басқалар. Жедел респираторлық-вирустық инфекциясы бар пациенттердегі жөтелдің тиімді фитотерапиясы. Педиатрия (Consilium Medicum журналына қосымша). 2017; 3: 40–44
- NCDHHS: Infectious Respiratory Diseases. NC Department of Health and Human Services, 2018, [cited 2019 Apr 25]. Available from: https://epi.publichealth.nc.gov/cd/diseases/respiratory.html
- Balentine JR, Nabili SN, Shiel Jr. WC. Upper Respiratory Tract Infection (URTI) [internet]. Medicine Net, San Clemente, [cited 2019 Apr 23]. Available from: https://www.medicinenet.com/upper_respiratory_infection/article.htm#upper_respiratory_tract_infection_definition_and_facts
- Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың қоздырғыштары: оқу құралы/ М. И. Морозова, В. Л. Мельников, Н. Н. Митрофанова. – Пенза : ПГУ баспасы, 2015. – 80 с.
- Коротяев, А. И. Медициналық микробиология, иммунология және вирусология / А. И. Коротяев, С. А. Бабичев. СПб. : СпецЛит, 2002. 591 с.
- Гербион жолжелкен шәрбаты дәрілік заты мен Гербион шырмауық шәрбаты дәрілік затын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
- © 2014-2019 "Сау өкпе" онлайн-журналы
ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР8:
Жөтелді емдеу кезінде сұйықтықты барынша көп (ересектер үшін күніне 2-3 литр, балалар үшін – күніне 1 литрге дейін) ішу өте маңызды. Құрғақ жөтел кезінде қосымша сұйықтық ішу – оны жұмсартады, ал ылғалды жөтел кезінде қосымша сұйықтық ішу - тұтқыр қақырықты сұйылтады.
Алайда, Гербион® жолжелкен шәрбатын қабылдағаннан кейін, шәрбат компоненттері өз әсерін өте жақсы беруі үшін, бірден сұйықтық ішпеу ұсынылады, өйткені, Гербион жолжелкен шәрбатының шырышты компоненттері ауыз бен тамақтың шырышты қабығында жұқа қорғағыш қабат түзеді және шырышты жарғақшаларды жөтел рефлексін туғызатын тітіркендіргіштерден механикалық жолмен қорғайды және құрғақ жөтелді тыныштандырады.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі – 3 ай.
Гербион® шәрбаттарының құтысын ашқанға дейін де, ашқаннан кейін де тоңазытқышта сақтамау керек
Гербион® жолжелкен шәрбаты мен Гербион шырмауық шәрбатын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.
ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
Тыныс алу гимнастикасы – жедел респираторлық аурулардан кейін қалыпқа келудің ең жақсы тәсілдердің бірі!9
- Тыныс алу жаттығулары адам өкпесінің терең тазаруына ықпал етеді.
- Оттегінің көп мөлшерде түсуі адамның жалпы хал-жағдайын жақсартады.
- Мұндай гимнастика бастан өткерген инфекциядан кейінгі асқынулар дамуының алдын алады және өте жақсы қалыпқа келуге көмектеседі.
Жаттығуларды орындауға тек толық сауыққан жағдайда ғана кірісу қажеттігін есте ұстау керек9:
- дене температурасы қалыпқа түскеннен кейін;
- өзіңізді қалыпты сезініп тұрсаңыз;
- негізгі емдеу курсынан өткеннен кейін.
Тыныс алу гимнастикасының барлық жаттығулары дәрігермен келісілуі тиіс!9
Өз организміңізге шамадан тыс жаттығулармен күш түсірмеген дұрыс, күніне екі рет аздаған жаттығулар жасап отыру жеткілікті.
Оттегін көбірек жұту үшін, жаттығу жасар алдында бөлмені міндетті түрде желдетіп алыңыз.
Тыныс алу гимнастикасы жаттығуларын отырған қалыпта, және тамақтан кейін 1-1,5 сағаттан соң орындау да ұсынылады.
Профилактика үшін өкпені күніне екі рет 5-10 минуттан дамытып отыру жеткілікті.
Шарлармен тыныс жолдарына гимнастика жасау: оны қалай жасау керек9?
- Қолыңызға үрлененетін шарды алыңыз.
- Мұрныңызбен барынша көп, кеудеңіздің ауаға толғанын сезінгенше дем жұтыңыз.
- Орташа күшпен, бірақ асықпай, ауаны үрленетін шарға қарай шығарып, оны үрлеңіз.
- Шар үрленгенше мұрынмен тыныс алып – аузыңызбен дем шығарыңыз.
Тыныс жолдарын тазарту үшін жасалатын жалпы жаттығулар9:
- Кеудеңізді толтырып ауа жұтыңыз, және тынысыңызды үш секундқа кідіртіңіз.
- Ол кезде ұртыңызды томпайтпаңыз.
- Ауаны қысып ұстап тұрып, бес секунд ішінде аз-аздан шығарып тыныстаңыз.
Тыныс жолдарының гимнастикасы Сізде ешқандай жағымсыз сезімдер мен жайсыздық тудырмауы тиіс екендігін есте сақтаңыз.